$ 494.87  520.65  4.91

Бас прокуратура Бектановтың ұсталғанын растады

Бектанов 20 ақпанда ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектановты уақытша ұстау изоляторына орналастырған. Ақпаратты Бас прокуратураның баспасөз қызметі растады.

«2022 жылғы 19 ақпанда Бас прокуратура бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Кәрібайұлы Бектановқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 452-бабы әрекетсіздік фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

2022 жылғы 20 ақпанда М. К. Бектанов осы қылмысты жасады деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды» делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 19 қаңтарда президент жарлығымен Мұрат Бектанов қорғаныс министрі қызметінен босатылды. Жаңа министр болып ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның бас қолбасшысы қызметін атқарған Руслан Жақсылықов тағайындалды.

Кейінірек Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мұрат Бектанов Қазақстандағы тәртіпсіздіктер кезеңінде командирлік қасиеттерін көрсетпегенін мәлімдеді.

«Командалық-штабтық және әскери оқу-жаттығулар барысында жақсы нәтиже көрсеткен армияға ие бола отырып, біз қиын жағдайда оның әлеуетін пайдалана алмадық және сырттан көмекке жүгінуге мәжбүр болдық» деген еді Тоқаев.

orda.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары