$ 494.87  520.65  4.91

Берік Уәли Президентке ақпараттық шабуыл жасалып жатқанын айтты

Кейбір БАҚ жазып жатқандай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың швейцариялық банкте қаржылық шоты жоқ, дейді ол.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Кейбір БАҚ жазып жатқандай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың швейцариялық банкте қаржылық шоты жоқ. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

"Кейбір бұқаралық ақпарат құралдары жазып жатқандай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың швейцариялық банкте қаржылық шоты жоқ. Сондай-ақ, Президенттің шетелдік банктер мен офшорлық компанияларға да ешқандай қатысы болмаған және шетелде жылжымайтын мүлкі де жоқ", - деп жазды Берік Уәли.

Оның айтуынша, Тоқаевтың бұрынғы жұбайының да ешқашан қаржылық шоты болмаған.

"Тимур Тоқаевқа келетін болсақ, жасы 38-де. Ол – кәсіпкер, ешқашан мемлекеттік қызметте істемеген. Өздеріңіз білесіздер Президент экономика мен саясаттағы монополияны шектеуге, реформаларды жүзеге асыруға күш салып келеді. Бұл Мемлекет басшысының осындай шешімдерін жақтамайтын адамдардың әдейі таратып жатқан фейк ақпараттық шабуылы деп ойлаймын", - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары