$ 494.87  520.65  4.91

«Торғай, Жезқазған, Семей облыстарын жабу қате шешім болды» - депутат

30 жылда аймақтық саясатта астананы ауыстырғаны оң шешім болды.
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғалиұлы өзінің фейсбук парақшасында Тәуелсіздіктің 30 жылдық тарихында ел астанасының ауысуына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды «Skifnews» ақпараттық порталы.

«30 жылда аймақтық саясатта астананы ауыстырғаны оң шешім болды. Одан Алматы қаласы тек ұтты. Ал қате шешім - ол бірқатар облыс пен аудандардың жабылуы. Әсіресе Арқалық (Торғай обл.), Жезқазған (Жезқазған обл.) және Семей (Семей обл.) ел-жұртына ауыр тиді, өңірлердің дамуына кері әсерін тигізді. Осыны мойындау керек», - деп жазды Берік Әбдіғалиұлы.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары