$ 444.32  473.33  4.76

АҚШ, Франция және Германия басшылары Путиннің шешіміне жауап қайтаратынын мәлімдеді

Бұл туралы федерал үкіметтің ресми өкілі Штеффен Хебештрайт мәлімдеді.
Фото: Reuters
Фото: Reuters

АҚШ президенті Джо Байден, Франция президенті Эммануэль Макрон және Германия канцлері Олаф Шольц үшжақты келіссөз нәтижесінде Ресейдің ДХР мен ЛХР-ды тануына қатысты жауап беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл туралы федерал үкіметтің ресми өкілі Штеффен Хебештрайт мәлімдеді. Оның айтуынша, Германия, Франция және АҚШ басшылары Ресей президентінің шешімін айыптады.

"Канцлер Олаф Шольц АҚШ президенті Джо Байден және Франция президенті Эммануэль Макронмен Ресей президенті екі елді - Донецк пен Луганскіні ресми мойындағаннан кейін жағдайдың нашарлауы туралы сөйлесті. Үш сұхбаттаушы да Ресейдің бұл біржақты әрекеті анық Минск келісімдерін бұзу екеніне келісті", - делінген баспасөз хабарламасында.

Келіссөздер қорытындысы бойынша серіктестер елдің аумақтық тұтастығын сақтауға және шиеленістің алдын алуға бар күш-жігерін салуға келісті.

"Канцлер, АҚШ президенті және Франция президенті Украинамен ынтымақтастығын білдірді және президент Владимир Зеленский бастаған Украинаның осы уақытқа дейін жасаған сақтық әрекетін жоғары бағалады. Әріптестер Украинаның аумақтық тұтастығы мен егемендігіне қатысты міндеттемелерін әлсіретпеуге келісті", - делінген хабарламада.

Еуропалық Одақ Ресейдің ДХР мен ЛХР-ды мойындау шешіміне де реакция білдірді. Осылайша, Еуроодақтың сыртқы саясат және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррель Ресейге өзін-өзі жариялаған республикаларды тануына жауап беруге уәде берді.

"Екі аумақты тану халықаралық құқықты, Украинаның аумақтық тұтастығын, сондай-ақ Минск келісімдерін өрескел бұзу. ЕО және оның серіктестері бұған Украинамен ынтымақтастықтың белгісі ретінде бірлік, беріктік және шешімділікпен жауап береді", - деп жазды Боррелль Twitter-де.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары