$ 444.32  473.33  4.76

Смайылов: «ТЖМ мен жергілікті билік жауапкершілікті бір-біріне сілтеп отыр»

Гидротехникалық құрылыстарды жөндеу мәселелері әлі шешімін таппай отыр.
baq.kz
baq.kz

Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды baq.kz. 

Наурыз айы қалыпты нормадан жылы болады деген болжам бар. Демек, қардың күрт еруінен бірқатар өңірлердегі жағдай қиындап кетуі мүмкін. Кейбір аймақтардағы жағдай жылдан жылға қайталанып келеді. Бұл бірінші кезекте Төтенше жағдайлар министрлігі мен жергілікті билік арасындағы жауапкершілікті бір-біріне сілтеу мәселесіне қатысты болып отыр, - деді ол. 

Смайылов атап өткендей, су тасқынының алдын алу және одан келетін шығындарды азайту әкімдіктердің жүйелі жұмысына тікелей байланысты. 

Әкімдіктер күнделікті қар шығару, арықтарды тазалау, уақытша бөгеттерді салу жұмыстарын уақытылы жүргізуі тиіс. Төтенше жағдайларға жергілікті бюджеттерде жеткілікті қаражат қарастыру керек. Су тасқынын алдын алуға қатысты барлық мәселені әкімдер қатаң бақылауда ұстауы тиіс. Қазір су тасқынына қарсы жұмыстар жүріп жатыр, бірақ, мұны мойындау қажет, ұзақ уақыттан бері жүйелі шаралар қабылданбай келді, - деді ол. 

Премьер-министр атап өткендей, гидротехникалық құрылыстарды жөндеу мәселелері әлі шешімін таппай отыр.

Соның ішінде гидротехникалық құрылыстарды жөндеу мәселелері әлі шешімін таппай отыр. Қараусыз қалған бөгеттер мен су қоймаларының иелерін анықтау жұмысы аяқталған жоқ, - деді ол. 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары