Кез-келген ем ауыртпалықсыз өтпейді, салдары тағы бар, мәңгілікке қалатындары бар. Қаншама адам қайтыс болды, артындағы қайғы жұтқан, тағдыры бұзылған туыстары, бала-шағасы бар. Мыңдаған арман-қиял үзілді. Бүкіл ел көтерілді. Әлі азапталып жатқандар да бар. Бұл адамдар басын бәйгеге тігіп, бізге аманат қалдырып кетті. Талап көп.
Соның ең бастысы - қымбатшылық. Соның бірі - жасанды түрде көліктің қымбаттауы.
Кез-келген көлікке 1.5 млн тіркеу үшін, тағы да 1.5 млн утильалым үшін, тағы да 300 мыңдай жасамайтын Глонас үшін. Тағы да ұсақ-түйек шығындар бар. 3.5 млн теңгеге сіз айталық Араб әмірліктерінен 2 Тойота камри 40 сатып алуыңызға болады. Адамдар амал жоқ 20 жылғы Лада 14 деген есек арбаға мінуге мәжбүр. Бұл көлікпен жүру өте қауіпті, бұзыла береді, аварияға түссеңіз өлім ықтималдығы өте жоғары.
Ал кешегі Қостанайдағы қойылымға барып келгендер мен үшін таза сатқындар. Ақымақтық десем, ақтап алғандай боламын. Арсыз, оңбағандар. Барғандардың ішіндегі мен танитындар өмірінде тіпті машина да айдап көрмеген адамдар. Мұндай арсыздыққа бару үшін қаншалықты надан болуың керек?!
Әрине, эволюция жайлы көп оқыған адам ретінде мен үшін бұл қалыпты жағдай. Ең болмаса өзіңе есеп беріп (ақысыз), нәтиже шығара білсеңдер деген кеңесім бар.
Қоғам белсендісі Рымбек Ізғалидың facebook парақшасынан