Экономист Расул Рысмамбетов геосаяси ахуалдың күрделенуі, Ресей мен Батыс елдерінің текетіресі, санкциялар Қазақстанға қалай әсер етуі мүмкін екені турасында пікірін білдірді. Оның айтуынша, қандай жағдай болмасын Қазақстан қазір ауыр санкцияларға ілініп қалмау амалын қарастыруы керек, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Меніңше, Батыс елдері тарапынан Ресейге салынған ең болмашы санкцияның өзі бізге оңай тимейді. Екінші жағынан Қазақстан қазір ауыр санкцияларға ілініп қалмау амалын қарастыруы керек. Ол үшін қандай да бір саяси процестерге араласып кетпеген абзал», - деді экономист Расул Рысмамбетов телефон арқылы білдірген пікірінде.
Экономистің айтуынша, санкция салынған жағдайда алдағы бір-екі аптада нарықта өзгерістер пайда бола бастайды. Санкцияларға байланысты Ресей экономикасына, оның құнды қағазына қаражатын салған инвесторлар дүрлігетіні анық.
«Дәл қазір нарыққа ешқандай өзгеріс байқалмайды. Мұндайда Қазақстанға алдын ала ешқандай реакция білдірудің қажеті жоқ. Санкциялар енгізілген кезде біздің елдің билігі олардың Қазақстан экономикасына қалай әсер ететініне талдау жасап, бағалайды. Осының ізімен елде біршама экономикалық түзетулер енгізілуі мүмкін. Осыдан кейін ғана біз санкциялардың Қазақстан экономикасына ықпалын көре аламыз», - дейді ол.
Расул Рысмамбетов қазіргі жағдайды Украина мен Ресей арасындағы 2014 жылғы оқиғамен салыстырады. Ол тұста Ресей Украинаға қарасты Қырымды оккупациялаған болатын.
«Рубль қазірдің өзінде әлсіреді. Теңге қаншалықты әлсірейтіні – басқа мәселе. Себебі, егер санкциялар Ресейдің мұнайына қарсы бағытталса, мұнайдың әлемдік бағасы өсіп шыға келуі мүмкін. Шын мәнінде белгілі бір дәрежеде жағдайдың бұлай өзгеруі тиімді деп те айтуға болады», - деп атап өтті экономист.
2014-2015 жылғыдай рубль арзандап, Ресейдің арзан тауары Қазақстан нарығын толтырып кеткен болатын. Осындай жағдай тағы қайталанбай ма? Рубльдің соңынан теңгені де еркін айналымға жіберген дұрыс болмай ма? Осы сұраққа экономист былайша жауап берді.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.