$ 443.35  475.54  4.82

Украина Ресейдің бұрынғы Кеңес Одағын қайта құруға тырысып жатқанын мәлімдеді

Кремль Кеңес Одағын қайта құру үшін келесі қадам жасады.
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Украинаның қорғаныс министрі Алексей Резников Ресейдің КСРО-ны қайта құруға тырысып жатқанын мәлім етті. Министрдің әскерилерге жолдаған үндеуі қорғаныс министрлігінің Facebook парақшасында жарияланған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Кремль Кеңес Одағын қайта құру үшін келесі қадам жасады. Жаңа Варшава пактісі және жаңа Берлин қабырғасымен. Бұларды бөліп тұрған жалғыз дүние бар. Бұл – Украина мен Украина сарбаздары", – деді Резников Ресейдің Донбасс және Луганск халық республикаларының егемендегін мойындағанына қатысты пікір білдіріп. 

Алексей Резников алда талай сынақтар күтіп тұрғанын айтты. 

"Шығын болады. Қиын кезеңнен өтіп, қорқыныш және уайымды жеңу керек. Дегенмен бізді жеңіс күтіп тұр. Себебі біз өз жеріміздеміз және шындық біздің жағымызда", – деп қосты қорғаныс министрі. 

21 ақпанда Владимир Путин ДХР мен ЛХР егемендігін мойындау жайлы қаулыға қол қойған. Бұдан кейін ол халқына үндеу жолдап, Украинаның тарихын тілге тиек еткен. Путиннің сөзінше, Украина Лениннің бастамасымен құрылған және жерінің кей бөліктері Ресейге тиесілі. 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары