$ 494.87  520.65  4.91

Өзбекстан елшілігі Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне нота жолдады

Бұл туралы Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Юсуп Кабулжанов мәлімдеді.
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Елордадағы Өзбекстан елшілігінің қызметкерлері Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне нота жолдады деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Юсуп Кабулжанов мәлімдеді.

Оның айтуынша, күні кеше бірқатар БАҚ-та Қазақстанның Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Эльвира Әзімова Қазақстанда биылғы қаңтарда болған жаппай тәртіпсіздіктерден кейін 18 шетелдік қамауға алынған. Оның 14-і - өзбекстандық.

«Осы фактіні нақтылау үшін Өзбекстанның Нұр-Сұлтандағы елшілігі Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне Өзбекстан азаматтарының қамауда отырған орындары және ол жерге әкелу себептері туралы ақпарат беруді сұрап, тиісті нота жолдады. Сондай-ақ олармен елшілік қызметкерлерінің кездесуін ұйымдастыру туралы өтініш жасалды», – деді ол.

Юсуп Қабулжанов Өзбекстанның Нұр-Сұлтандағы елшілігі, сондай-ақ Алматы және Ақтаудағы бас консулдықтары Қазақстанның жер-жердегі құқық қорғау органдарының өкілдерімен тұрақты байланыста екенін атап өтті.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары