23.02.2022, 16:00

«Қазіргі жастарға Ғалымжан да, Әкежан да, Әміржан да, тіпті орта жасқа жақындаған Мамай мен «Дикий Арман» да авторитет емес» - журналист

Жұрт Мамай секілді саяси жобалардан, принциптен тайқып кететін екіжүзді саясаткерлерден мезі болған.

Жаңаөзен жастары Мамайдың саяси жоба екенін біліп қойған ба?

Өткенде Жаңаөзенге Мұхтар Тайжан барғанда, оны жұрт қолпаштап кетіп еді. Сондай қолпаштаудан дәмеленіп Мамай да Жаңаөзенге барған екен, алаңжұрт «Мамай кет!» деп айқайлап, аямай тілдеп жатыр.

Мамайшылдарға қарсы қар атқылап жатқан жастар да бар.

Мамайдың халықтан таяқ жеуі бірінші рет емес. Алматыдағы шеру кезінде де Мамайды ұрып жіберген. "Дикий Арманды" да ұрып жіберген ашынған жұрт. Рысбек пен Балташ та таяқ жепті... Қазір халық өзгерген, жастар "ескі" оппозицияны танымайды. Оларға Ғалымжан да, Әкежан да, Әміржан да, тіпті орта жасқа жақындаған Мамай мен "Дикий Арман" да авторитет емес.

Мынау видео соның дәлелі. Жұрт Мамай секілді саяси жобалардан, принциптен тайқып кететін екіжүзді саясаткерлерден мезі болған.

Журналист Ораз Әлімбековтың facebook парақшасынан