$ 448.15  483.46  4.86

Путин Қазақстанның егемендігін нығайту жөнінде сөз қозғады

РФ басшысының сөзінше, Қазақстанға ҰҚШҰ аясында қолдау көрсетілуі Ресейдің барлық көршілермен бейбіт қарым-қатынасқа мүдделі екенін көрсетеді.
ulysmedia.kz
ulysmedia.kz

Мәскеуде Әзірбайжан басшысы Ильхам Әлиевпен кездесуінде Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанның егемендігі туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

"Сізбен кездесудің алдында мен Қазақстан президентімен сөйлестім. Менің ойымша, бұл – Ресей көршілерінің егемендігін қолдап, оны жан-жақты нығайтып отырғанының өте жақсы мысалы", - деді Путин Әлиевке. 

РФ басшысының сөзінше, Қазақстанға ҰҚШҰ аясында қолдау көрсетілуі Ресейдің барлық көршілермен бейбіт қарым-қатынасқа мүдделі екенін көрсетеді. 

"Өздеріңізге белгілі, Қазақстан басшылығының өтініші бойынша біз халықаралық терроризмнің сыртқы агрессиясына байланысты Қазақстанды ҰҚШҰ аясында қолдадық. Ал бұл мәселе жойыла салысымен, Қазақстан басшылығының өтініші бойынша біз ҰҚШҰ контингенті құрамындағы барлық қарулы күштерімізді шығардық және Қазақстанмен жұмыстың барлық бағыттары бойынша ынтымақтастықты жалғастырамыз, бұл, әрине, Ресейге де, Қазақстанға да тиімді және Қазақстанның егемендігін нығайтады", - деді ол.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары