Украинада төтенше жағдай енгізіледі. Мұндай шешімді елдің ұлттық қауіпсіздік және Қорғаныс кеңесі қабылдады. Енді шешімді Жоғарғы Рада мақұлдауы керек, деп хабарлайды РИА Новости.
Украинаның Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі Донецк және Луганск облыстарын қоспағанда, бүкіл Украинада төтенше жағдай енгізу туралы шешім қабылдады. Төтенше жағдайды 30 күнге енгізу жоспарланған, ол 60 күнге дейін ұзартылуы мүмкін.
Қазірдің өзінде резервте тұрған 36 мың адам Украина армиясына шақырылуда. Сондай-ақ, Украинаның Жоғарғы Радасы ел аумағында қаруды еркін иеленуге мүмкіндік беретін заңды бірінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Газета.ru.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.