$ 494.87  520.65  4.91

«Путин соғысты таңдады» - Байден

Бүкіл әлем Ресей қарулы күштерінің себепсіз шабуылына ұшыраған Украина халқымен бірге.
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

АҚШ президенті Джо Байден Украина халқы Ресей күштерінің себепсіз шабуылына ұшырағанын мәлімдеді,  деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Бүкіл әлем Ресей қарулы күштерінің себепсіз шабуылына ұшыраған Украина халқымен бірге. Президент Путин қайғы-қасірет әкелетін, қарапайым халық жапа шегетін алдын ала ойластырылған соғысты таңдады", - деді Байден мәлімдемесінде.

"Қарапайым халықтың өліміне себеп болған шабуылдарға Ресей ғана жауапты", - деп қосты АҚШ президенті.

Байден АҚШ одақтастарымен бірге Ресейге қарсы ұжымдық және батыл жауап беретініне сөз берді.

"Әлем Ресейді жауапқа шақырады", - деп баса айтты ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары