Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Украинадағы жағдайға қатысты пікір білдірді.
Бұл жағдайды бейбіт жолмен, келіссөздер арқылы шешу керек. Бұл өте маңызды. Бұл мәселе БҰҰ-ның күн тәртібінде тұр және азаматтар құқықтарының халықаралық мәселелеріне қатысты. Ресей мен Украина бізге өте жақын елдер. Ресей – біздің ең ірі экономикалық серіктесіміз. Украина да біздің өте жақын серіктесіміз. Сол себепті бұл жағдай әлі де бейбіт жолмен шешіледі деп ойлаймыз, - деді Әшімбаев.
Сенат төрағасының пайымдауынша, мәселені дипломатиялық жолмен шешуге әлі де кеш емес. Әшімбаев атағандай, біздің ұстанымымызды Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді жеткізді.
Бүгін жағдайдың өзгеруіне байланысты біздің Сыртқы істер министрлігінен мәлімдеме болады деп ойлаймын. Осындай жағдайда бұл қақтығысты келіссөздер арқылы бейбіт жолмен шешу өте маңызды. Жағдайдың ушығып кеткенін көріп отырмыз. Ол жаңа кезеңге қадам басты, - деп айтты ол.
Палата спикері атап өткендей, келіссөздер барысында барлық қатысушы тараптың мүдделері ескерілуі тиіс. Сондай-ақ БҰҰ аясында осы ұйымның жарғысына негізделген келіссөздер тиімдірек болар еді.
Бүгінде БҰҰ осындай мәселелермен айналысатын негізгі халықаралық ұйым. Сондықтан бұл дағдарысты дипломатиялық жолмен шешуге мүмкіндік бар және барлық қажетті шешім қабылдануы керек. Бұл - менің жеке пікірім, - деп толықтырды ол Сенат кулуарында.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.