$ 448.89  477.93  4.76

Зеленский әлем елдерін Путинге қарсы коалиция құруға шақырды

Біз Путинге қарсы коалиция құрып жатырмыз. Шұғыл санкциялар жарияланады.

Украина президенті Владимир Зеленский елдегі жағдайға байланысты тағы бір мәлімдеме жасап, әлемдік көшбасшыларды Путинге қарсы коалиция құруға шақырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

«АҚШ президенті Джозеф Байденмен, Германия канцлері Олаф Шольцпен, Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсонмен, Еуропалық кеңес төрағасы Чарльз Мишельмен және Польша президенті Анджей Дудамен сөйлестім», – деп атап өтті ол үндеу барысында.

Instagram парақшасы арқылы жасаған үндеуінде ол соғыс қимылдарын дереу тоқтатуға шақырды.

«Мен Путинді дереу тоқтауға шақырамын! Украинаға және әлемге қарсы соғысты тоқтатыңыз! Біз Путинге қарсы коалиция құрып жатырмыз. Шұғыл санкциялар жарияланады. Украинаға қорғаныс және қаржылық қолдау керек. Әлем Ресейді бейбітшілікке мәжбүрлеуі керек», – деп түйіндеді сөзін Украина президенті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары