Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдегендей, кеңеске премьер-министр К.Мәсімов, президент әкімшілігінің басшысы Н.Нығматулин және президенттің көмекшісі Е.Орынбаев қатысты.
«Кеңеске қатысушылар биылғы 7 айдағы елдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын, Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіруін қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың жүзеге асырылу барысын, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған басымдығы бар міндеттерді қарады», делінген хабарламада.
Нұрсұлтан Назарбаев экономика мен әлеуметтік саланың негізгі мәселелеріне арналған кеңейтілген Үкімет отырысын өткізу қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар, Украинадағы ішкі саяси ахуалдың және сонымен байланысты халықаралық оқиғалардың отандық экономиканың дамуына ықпал ету ықтималдығының түрлі аспектілері талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.