$ 498.34  519.72  4.85

Қазақстан кемелерін тексеру өкілеттілігін табыстау жөнінде келісім ұзартылды

ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің италиялық RINA Services S.p.A. сыныптамалық қоғамымен жасалған келісім мерзімі тағы 3 жылға ұзартылды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Министрліктің баспасөз қызметі мәлімдегендей, табысталған өкілеттілігі аясында RINA қазақстандық теңіз кемелерін СОЛАС және МАРПОЛ сияқты халықаралық конвенциялар қатарының талаптарына сәйкес келетініне сыныптамадан өткізіп тексереді.

RINA әлемдегі мұнай құюшы кемелер мен қалқымалы бұрғы құрылғыларын жобалау, салу және куәландырумен айналысатын беделді сыныптамалық қоғамдардың бірі. Ол әлемдік жетекші сыныптамалық қоғамдардың Халықаралық қауымдастығының тең құрылтайшыларының бірі. Компанияның 100 жылдан астам тәжірибесі бар.

«Сонымен қатар, RINA келісімге сәйкес қазақстандық мамандар қатарынан кемелерді техникалық куәландыру өткізетін инженер-инспекторларын даярлайды», делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары