02.03.2022, 10:31

«Геосаяси ахуал ушыға түскен қазіргі кезде БҰҰ-ның әлеуеті мен рөлін арттыру керек» - Тоқаев

Фото: ашық дереккөз
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болғанына 30 жыл толуына байланысты пікір білдірді.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болғанына 30 жыл толуына байланысты пікір білдірді.

«Қазақстан осыдан 30 жыл бұрын Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды. Біз БҰҰ-мен жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өркениетті қоғам құру мәселесіне байланысты ынтымақтастық орнаттық. Геосаяси ахуал ушыға түскен қазіргі кезде осы ұйымның әлеуеті мен рөлін арттыра түсу керек», - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.