Ресей мен Украина арасындағы шиеленісті шешу үшін қос тарап бүгін кездесудің екінші кезеңін өткізеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бастапқыда келіскеніміздей, келесі кездесуіміз 2 наурызға жоспарланып отыр», - делінген агенттікке дереккөз берген пікірде.
Айта кетейік, Ресей мен Украина арасындағы келіссөздің алғашқы раунды дүйсенбі күні Беларусьтің Гомель облысында өтіп, бес сағатқа созылған. Бұл кездесуде Ресей делегациясын президент Владимир Путиннің көмекшісі Владимир Мединский басқарды.
Кездесуден кейін ол Ресей делегациясы ортақ келісімге қол жеткізу үшін қанша уақыт қажет болса да украин тарапымен келіссөздер жүргізуге дайын екенін мәлімдеді. Сол сияқты ол екі тарап кездесудің келесі раундын Беларусь елінде өткізуге келіскенін айтты.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.