Бұған дейін қылмыстық топ құрды деген күдікке ілінген қылмыс серкесі Серік Жаманаев екі адамды өлтіргенін айтты, деп хабарлайды orda.kz.
Қылмыстық ортада «Серік Голова» лақап атымен танымал қылмыс серкесі 2007 жылы журналист Оралғайша Омаршанованы өлтіргенін мойындады.
Время басылымның хабарлауынша, Серік Голова Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізген жедел іс-шаралар кезінде кінәсін мойындаған. Оны қарақшының жұбайы мен адовкаты бұл қадамға итермелеген.
Жаманаев «Заң және әділеттілік» газеті журналисі Омаршанованыі денесін қайда жерлегенін көрсетіп берген. Сондай-ақ, ол тағы бір бәсекелесін жолдан алып тастағанын айтқан.
Тергеу изоляторында отырған кезде Серік Головаға соңғы деңгейдегі бауыр қатерлі ісігі диагнозы қойылып, артынша ол дін жолына түскен.
1996 жылы Серік Жаманаевтың аты Сочиде қылмыс әлемінің серкесі Сергей Михайловтың (Михась) қолдауымен шыға бастаған. Ол КСРО ыдырағаннан кейін өз атын шығарған қарақшылардың бірінші толқыны еді.
Еске салсақ, 2021 жылы 18 қаңтарда Алматы соты оны Башка атты ұйымдасқан қылмыстық топты құрғаны үшін 19 жылға сотталған.
Айта кетсек, 2007 жылы 30 наурызда Алматыда журналист Оралғайша Омаршанова із-түссіз жоғалып кеткен. Журналист сол кездері Жезқазғандық бандиттік топтарды зерттеумен айналысып жүрген. Соңғы рет ол белгісіз қара көлікке мінгенін көрген.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.