Тасқала ауданы Достық ауылдық округінің әкімі Хафиз Ахметов көшеге шығып үйсіз иттерді атты, деп хабарлайды Sputnik.kz.
Әлеуметтік желілерде күндіз жанармай құю бекеттерінің бірінде иттерге оқ атқан шенеуніктің видеосы тарады.
Куәгерлер бұл иттер үнемі жанармай құю бекетінің маңында жүретінін, ешкімге зияны жоқ екенін айтты, деп хабарлайды "Мой город" порталы.
Хафиз Ахметов видеодағы адам өзі болғанын растады. Бірақ қолында атыс емес, пневматикалық қару деп отыр. Ол иттерді ұйықтатып, чип қою үшін ветеринарлық станцияға апарғысы келген.
"Ақыл-есі бар адам жанармай бекетінде атыс қаруын қолданбайды ғой. Ешкім иттерді өлтіргісі келмеді. Оларға оқ тиген жоқ, әлі де сол бекеттің маңында жүр. Біз бекет қызметкерлерінен иттерді чиптеп, стерильдеуін бірнеше рет сұрадық. Өйткені тұрғындардан шағым түсіп жатыр. Бірақ қызметкерлер біздің өтінішімізді елемейді", - деп түсіндірді Хафиз Ахметов.
Шенеунік мылтықты таныстарынан алғанын атап өтті.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.