$ 439.37 € 498.6 ₽ 5.22

16 наурызда Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2022 жылғы 16 наурызда сағат 11.00-де Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, деп хабарлайды Борт1 телеграм арнасы.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2022 жылғы 16 наурызда сағат 11-де Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын», – деп жазылған Өкім мәтінінде.

Бұған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурызда саяси реформалардың жаңа бағдарламасын жариялайтыны хабарланған болатын.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0