$ 444.32  473.33  4.76

Қаңтар қырғынына қатысқан «лаңкестердің» қай ауылда жаттыққаны айтылды

Бүгін астанада полковниктер пен генералдар бірілесіп арнайы брифинг өткізді.

Полковник Роман Құрманбаев Алматыға шабуыл жасаған бандиттерді қайда дайындағаны туралы айтты деп хабарлайды, ulysmedia.kz.

«Генерал-майор Тимур Әбішев Алматы Арена ауданында болған бұл адамдар Фабричный кентіндегі ҰҚК орталығында дайындалғанын айтты. Алматының айналасында бірнеше дайындық орталықтары бар. Бұл орталықтардың барлығы Астанаға, «Арыстанға»  бағынады», - деп мәлімдеді Құрманбаев.

Айта кетейік бүгін астанада полковниктер пен генералдар бірілесіп «ҰҚК «сақалды адамдарды» дайындады, Самат Әбіш Тасмағамбетовке қарсы айғақ талап етті, оны Дариға Назарбаева қолдады» тақырыбымен арнайы брифинг өткізді.

Еске салсақ, 5 қаңтарда ел бойынша жаппай көтеріліс болып, оның ішінде Алматы қаласында бұзақылар қаланы талқандап, полициямен қақтығысты. Қаңтар оқиғасы кезінде елде жалпы саны 225 адам қаза тапты.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары