Түрікменстанның қазіргі президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің ұлы Сердар Бердімұхамедов елдің жаңа президенті болып сайланды. Сайлауда ол 72,97 процент дауыс жинады, деп хабарлайды РИА Новости елдің орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап.
Түрікменстанда мерзімінен бұрын президент сайлауы 12 наурызда өтті.
Сайлау бюллетенінде Сердар Бердімұхамедовтен басқа үш саяси партия мен алты бастамашы топтың атынан тағы сегіз кандидаттың есімі жазылды.
Түрікменстанның заңнамасы сайлаушылардың санына қатысты шекті қарастырмайды. Сондықтан халықтың кез келген белсенділігіне қарай сайлау өткен болып саналады. Сайлауда дауыс берушілердің жартысынан көбінің дауысын жинаған кандидат жеңімпаз деп танылады. Орталық сайлау комиссиясы сайлау нәтижесін дауыс беру аяқталғаннан кейін жетінші күннен кешіктірмей жариялайды.
Сердар Бердімұхамедов – вице-премьер, Түрікменстанның екінші және қазіргі президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтың жалғыз ұлы. 2021 жылдың қыркүйегінде Сердар Бердімұхамедов 40 жасқа толды. Түрікменстан Конституциясына сәйкес, бұл жас республика президенті болып сайлану үшін ең төменгі шек ретінде белгіленген. 2011 жылдан бері Сердар Түрікменстанның билік саласында маңызды қызметтерді атқарып келеді. 2011 жылдан бастап ол республикалық сыртқы істер министрлігінің департаментін басқарды, 2016 жылы ол парламент депутаты болды, ал үш жылдан кейін Ахал уәлаятының губернаторы болып тағайындалды.
Әкесі жастарға жол беруді жөн көретіні туралы мәлімдеме жасағаннан кейін 40 жастағы Сердар Бердімұхамедовты ел билігінің тізгінін ұстайтын ықтимал кандидаттың бірі деп атады.
Үлкен Бердімұхамедов өткен жылы 64 жасқа толды. Гурбангулы Бердімұхамедов 2007 жылдың 14 ақпанынан бері президент қызметін атқарып жатыр. Ол 2006 жылы желтоқсанда Түрікменстанның өмір бойы президенті болған Сапармұрат Ниязов қайтыс болғаннан кейін мемлекет басшысы болып сайланды.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.