$ 443.85  474.3  4.8

Мемлекет басшысы: Мызғымас бірліктің арқасында мемлекетімізді қорғап қалдық

Сонымен қатар ол ел басына күн туған қиын-қыстау кезеңде шешімді қалай қабылдағанына тоқталды.
Фото: akorda.kz
Фото: akorda.kz

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында хабарлады, деп жазады baq.kz. 

Осы күндерде жұртымыз Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін жан-жүрегімен сезінді. Татулық пен тұрақтылық, тыныштық пен бейбітшілік қаншалықты маңызды екенін жете түсінді. Біз мызғымас бірліктің арқасында мемлекетімізді қорғап қалдық, - деп атап өтті Президент өз Жолдауында. 

Сонымен қатар ол ел басына күн туған қиын-қыстау кезеңде шешімді қалай қабылдағанына тоқталды. 

Әрбір шешімді еліміздің мүддесіне сай қабылдадым. Өкінішке қарай бүлікшілердің, қарақшылардың лаңкестердің кесірінен қаншама азамат қаза болды. Мұндай жағдай қайталанбас үшін барлық жағдайды жасаймыз.  Халқымыз осы оқиғадан сабақ ала білуі керек, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Еске сала кетейік, ел Президенті Парламент палаталарының бірлескен отырысына қатысып жатыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары