$ 494.87  520.65  4.91

«Жоғары лауазым иелері мемлекетке сатқындық жасады» - Тоқаев

Алайда қастандық жасаушылардың арам пиғылдары іске аспады.

Жоғары лауазым иелері мемлекетке сатқындық жасады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында мәлім етті.

«Төңкеріс жасауға ұмтылғандардың арасында белгілі адамдар болды. Жоғары лауазым иелері мемлекетке сатқындық жасады. Олар күштік құрылымдардың заңға сәйкес қимылдауына кедергі келтірді. Мемлекет басшылығына қалалардағы ахуал туралы жалған ақпарат берді», -деді Президент.

Алайда қастандық жасаушылардың арам пиғылдары іске аспады.

Біз мызғымас бірліктің арқасында мемлекетімізді қорғап қалдық, - деп атап өтті Президент өз Жолдауында. 

Еске сала кетейік, ел Президенті Парламент палаталарының бірлескен отырысына қатысып жатыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары