$ 439.43  473.31  4.82

Мектеп оқушысы еден жуушы әйелге ауыр сөздер айтқан (ВИДЕО)

Мен сенен нан сұрап жатқан жоқпын, қарасай жүдә бұны, көкірегің өзіңе! Құдайға шүкір мен ешкімнен кем емеспін.

Әлеуметтік желіде мекеп оқушысы мен еден жуушы әйелдің арасында болған әңгіменің видеосы пайда болды деп жазды turkystan.kz.

Бейнежазбадан еден жуушы әйелдің «Мен сенен нан сұрап жатқан жоқпын, қарасай жүдә бұны, көкірегің өзіңе! Құдайға шүкір мен ешкімнен кем емеспін. Мен әкімге бара жатырмын білесің ба?» деп оқушыға ренжулі дауыспен сөйлеп жатқанын көруге болады. Әзірге видеоның қай өңірде түсірілгені белгісіз.

Әйелдің бұл сөзін естіген көпшілік оқушы әйелге ауыр сөздер айтқан деп жобалауда.

«Түріне қарасаң әп әдемі бала, миы жоқ», «Біздің кездегі мұғалімдер болсағой», «Осындай ғып өзіміз тәрбиелегенбіз», «Ол намысына тиген, сосын тып-тыныш кетіп бара жатыр», – деп жазды олар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары