$ 444.22  476.38  4.82

Алматыда «Жаңа Қазақстанды» қолдау митингісі өтіп жатыр

Шеруге шыққандарды қолдауға Мәжіліс депутаттары Саясат Нұрбек пен Айдос Сарым келді.

Алматыда Ғылым академиясының алдына Қазақстанның және «AMANAT» партиясының туын көтеріп бірнеше жүз адам жиналды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетейік, шеруге шыққандарды қолдауға Мәжіліс депутаттары Саясат Нұрбек пен Айдос Сарым келді.

Шерушілер арасында жастар көп.

Митингке келгендер «Жаңа Қазақстанның» идеяларын қолдау үшін жиналғандарын атап өтті.

Мен президентіміздің барлық жаңа реформаларын қолдау үшін келдім. Біз «Жаңа Қазақстан» үшін, болашақ үшін, елдің тұтастығы үшінбіз, - деді белсенділердің бірі.

Сахнада концерт те өтіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары