$ 439.43  473.31  4.82

Шамалғандағы атысқа қатысты деген күдікпен 17 адам ұсталды

Оқиға болған жерді тексеру кезінде криминалистер мылтық, тегіс ұңғылы және травматикалық қарудан атылған көптеген оқ-дәрі тапты.

7 наурызда кешке Алматы облысы Қарасай ауданындағы Шамалған ауылының маңында екі топ адам төбелесіп, оған 30-ға жуық адам қатысқан. Олардың оқ тиген бірі ауруханаға жатқызылған.

Бұл туралы облыстың ПД хабарлады.

Оқиға болған жерді тексеру кезінде криминалистер мылтық, тегіс ұңғылы және травматикалық қарудан атылған көптеген оқ-дәрі тапты. Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та қоғамдық резонанс тудырған атыс фактісі бойынша қылмыстық заңнаманың бірнеше баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу облыстық полиция департаментінің ерекше бақылауына алынды, - делінген хабарламада.

Мемлекетаралық іздеудегі үш адамның осы төбелеске қатысқаны анықталды.

Күдіктілерге ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы, "Атыс қаруын қолдана отырып, бұзақылық жасау", 380-баптың 1-тармағы, "Құқық қорғау органы қызметкерінің өміріне қауіп төндіру", 24-99-баптар, "Адам өлтіруге оқталу" бойынша айып тағылды.

Төбелеске қатысушылардан түрлі калибрлі 12 атыс қаруы тәркіленіп, олар заттай дәлел ретінде қылмыстық істер материалдарына қоса тіркелді. Сондай-ақ сегіз автокөлік (Lexus, ВАЗ, Mercedes-Benz, Toyota және т.б.) тәркіленді, олар қажетті сараптамалар жүргізу үшін арнайы тұраққа қойылды.

Қылмыстық тергеу шеңберінде полиция қызметкерлері аталған оқиғаға қатысушы өзге күдіктілерді анықтау және іздеу бойынша іс-шараларды жүзеге асыруда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#атыс #Алматы