Саясат 22.03.2022 сағат 10:00

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

Әз-Наурыз әр шаңыраққа ырыс пен молшылық әкелсін!
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады.

Қымбатты қазақстандықтар!

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Сан ғасырлық тарихы бар Наурыз мейрамы бүгінде ел бірлігінің, келісім мен тұрақтылықтың жарқын символына айналып отыр.

Қазақ халқының ұлы мәдениеті мен бай салт-дәстүрінен бастау алған мереке ізгілік пен ынтымақ, татулық пен сыйластық сынды мәңгілік құндылықтардың жаршысы саналады.

Бүгінгі таңда әлемнің әр түкпірінде болып жатқан оқиғалар бұл мейрамның маңыздылығын одан әрі арттыра түскені сөзсіз. Ол бізге қоғамдағы келісімнің, көпұлтты еліміздегі тыныштық пен мамыражай өмірдің қадірін түсінуге көмектеседі.

Тіршілікті түлеткен көктем мерекесі жанымызды жадыратып, Отанымыздың игілігі жолында жаңа жетістіктерге жету үшін бойымызға күш-қуат пен сарқылмас жігер береді.

Ұлыстың ұлы күнінде баршаңызға мықты денсаулық, бақ-береке тілеймін! Әз-Наурыз шаңырақтарыңызға ырыс пен молшылық әкелсін!

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар