Польшаның ішкі қауіпсіздік агенттігінің (ABW) өкілі Станислав Жарынның мәлімдесі бойынша, Польша билігі тыңшылық жасады деген күдікке ілінген Ресейдің 45 дипломатының тізімін жасады.
Агенттік оларды "Ресейдің Польшаға және оның одақтастарына қатысты саясатына байланысты, сондай-ақ Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясын ескере отырып" Польшадан шығаруды ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы Ехк.kz сайтына сілтеме жасап.
"Арнайы қызмет өкілдері мен олармен жұмыс істейтін адамдардың қызметі Польша мен оның серіктестерінің халықаралық аренадағы тұрақтылығына бағытталған ресейлік барлау жобаларын жүзеге асыру мақсатында жұмыс істейді және Польшаның мүдделері мен қауіпсіздігіне қатер төндіреді", — делінген ABW хабарламасында.
Ресейдің Варшавадағы елшісі Сергей Андреев Польша Сыртқы істер министрлігіне шақырылды. Дипломаттарды елден шығару туралы шешім 24 наурызда қабылдануы мүмкін.
Ресейдің Варшавадағы елшілігінің сайтындағы ақпаратқа сәйкес, қазіргі кезде Польшада 60 ресейлік дипломат жұмыс істейді.
Ресей СІМ-нің ресми өкілі Мария Захарова Польшадағы 45 дипломатты елден шығаруға қатысты Мәскеу де тиісті жауап беретінін айтты.