25.03.2022, 14:40

Жапония Ресейге қарсы жаңа санкция жариялады

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде айтылған.

Жапония Украинадағы жағдайға байланысты Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізіп жатыр, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде айтылған. Осылайша, Жапония үкіметі тағы 25 ресейлік жеке тұлғаның активтерін бұғаттап, 81 ресейлік ұйымға экспорттауға тыйым салған.

Ведомство мәліметінше, санкциялар тізіміне: Миасс автомобиль зауыты, "Вымпел" кеме жасау зауыты, Амур кеме жасау зауыты, "Байкал Электроникс" электроника өндірушісі, "Стрела" өндірістік кешені, "Звезда" машина жасау зауыты және т.б. кірген.

Сондай-ақ, премьер-министр Фумио Кисида Жапония Ресейді саудадағы ең қолайлы мемлекет мәртебесінен айыру және цифрлық активтер көмегімен қаржылық санкцияларды айналып өтуге жол бермеу үшін шаралар қабылдайтынын айтты.

Осыған дейін Жапония ресейліктер капиталын бұғаттап, Ресей азаматтарына виза беруге тыйым салған болатын. Оның үстіне ел билігі Беларусь үкіметінің жоғары лауазымды шенеуніктеріне қарсы санкция салуды қарастырып жатыр.