29.03.2022, 15:52

Ерұлан Жамаубаев ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі қызметіне тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Қаржы министрі лауазымынан босатылды.

Е.К. Жамаубаев туралы

2022 жылғы 29 наурыз

Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Қаржы министрі лауазымынан босатылсын.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 29 наурыз

№ 848