$ 495.2  522.34  4.94

Дариға Назарбаева үйін сатылымға шығарды

11 млн 800 мың АҚШ долларына бағаланған үйді ипотекаға алудың жолдары да қарастырылған.

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева мен оның ұлы Нұрәли Әлиевке тиесілі делінетін Лондон шетіндегі зәулім үй сатылымға шығарылды, деп жазады Азаттық. 

Winkworth риелтор компаниясының сайтында жарық көрген хабарландыруда үй туралы жан-жақты мағлұмат берілген. Төрт қабатты үй Лондондағы жасыл желекті ауданда, Highgate гольф-клубының түбінде, адам аяғы баспайтын Denewood Road тұйық жолының түкпірінде орын тепкен.

11 млн 800 мың АҚШ долларына бағаланған үйге ешқандай құқықтық шектеу жоқ екені, еркін саудаға шығарылғаны хабарланған. Үйді сатып алу мақсатында көру үшін арнайы форманы толтырып, байланыс телефоныңызды қалдыруыңыз керек. Сайтта үйді ипотекаға алудың жолдары да қарастырылған.

Хабарландырудан аумағы 765 шаршы метр болатын үйдің әр қабатының 3D көрінісін көріп, әр бөлмесін жеке тамашалауға болады. Жеті жатын бөлмесі, төрт қонақ бөлмесі мен алты ваннасы бар үйдің фотогалереясы да қоса берілген. Үйдің ішінде үлкен бассейн мен бильярд үстелі бар, барлық бөлмесі қымбат жиһазбен жабдықталған.

Сайттан үйдің картадағы орналасқан орнын, спутниктен қарағандағы көрінісін байқауға болады.

Азаттық үйдің қай уақытта сатылымға шыққанын және нақты иесі кім екенін сұрап, Winkworth риелтор компаниясына хабарласқан еді, бірақ автожауапкер барлық сұрақтарды жазбаша түрде жіберуді өтінді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары