$ 443.16  480.39  4.94

Бас мүфти «Қаңтар қырғыны» кезінде Дубайда қыдырып жүргенін мойындады (ВИДЕО)

Бірақ ол жаққа кімнің ұшағымен барғанын айтқысы келмеді.

Бас мүфти "Қаңтар қырғыны" кезінде Сауд Арабиясына кетіп қалғанын мойындады. Бұл туралы журналист Ораз Әлімбек өзінің фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

"Молдалар тағы да өтірікті соғып жіберді. Бас мүфти Наурызбай Өтпенов "Қаңтар қырғыны" кезінде жамағатты тағдыр тәлкегіне тастап Сауд Арабиясына кетіп қалғанын мойындады. Бірақ Дубайда болғанын, ол жаққа кімнің ұшағымен барғанын айтқысы келмеді. Мүфтият "Зекет қорына" қатысты сұраққа да мардымды жауап бермеді. Қор басшылары туыстары мен таныстарының әрбіріне 200 мыңнан 400 мыңға дейін жәрдемақы жазып қойғаны құжат бойынша дәлелденіп еді ғой. Мүфтият сол ақшаны қорға кері қайтарды ма? Әлде, ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кете бере ме? Қор басшыларына қандай жаза қолданды? Бұған да жауап жоқ. Одан кейін, баспасөз мәслихатын жасадың ба, онда журналистердің барлық сұрағына жауап бер! "Бұл сұрақ тақырыптан тыс" деп қақпайлауды қою керек. Берілген сұрақтың бәрі мүфтиятқа қатысты. Жауап бергің келмей ме, онда баспасөз мәслихатын өткізіп нең бар, бұрынғы әдетті жалғастырып шапаныңмен бүркеніп мүфтияттан шықпай омалып отыра бермейсің бе?!", - деп жазды Ораз Әлімбек.
 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары