Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Назарбаев университетінде болған жағдайды естімегенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Онда IT департаментінің қызметкері кабинетінің есігіне «zа наших» деген плакат іліп қойған болатын. Министрдің айтуынша, Назарбаев университетінің дербес мәртебесі, жеке заңы бар және білім және ғылым министрлігіне есеп бермейді. Білім беру қызметкерлерінің Әдеп кодексі бұл ЖОО қызметкерлеріне қолданылмайды. Сондай-министр бұл жағдайдан хабарсыз екенін де айтты.
«Мұның бәрі мұғалімдердің, білім беру ұйымдары педагогтарының Әдеп кодексінде жазылған. Оған сәйкес, оларға ата-ана, оқушы және әріптестерімен қарым-қатынас кезінде өз ұстанымын, оның ішінде саяси ұстанымын таңуына жол берілмейді. Сабақты да тек оқу бағдарламасы аясында өткізуге тиіс. Заңнаманы бұзатын кейбір нәрселерді насихаттауына болмайды. Бірақ бұл кодекс біздің мектептерге қолданылады, Назарбаев университетіне қолданылмайды» - дейді ол.
Университеттің және Назарбаев атындағы мектептердің дербес мәртебесін қайта қарау туралы мәселе БҒМ-нің күн тәртібінде тұрған жоқ, бірақ егер басқарма осындай шешім шығарса, оларды қаржыландыру қысқартылуы мүмкін.
Тағы оқыңыз: Назарбаев университетінің қызметкері ресейлік әскерді қолдай ма?
«Меніңше, жай ғана бір сәттік тенденцияларға назар аударып, 20 мектепті жауып тастаған жөн болмайды. Бұл мектептер жұмыс істеуі керек, ал ішкі жағдайы мен жұмыс механизмі – мектептің өзі, басқарушы комитеттері қарайтын мәселе», – деді ведомство басшысы.
Айта кетсек, мұның алдында Бас прокуратура Қазақстан азаматының шет мемлекет аумағындағы соғыс қимылдарына қасақана құқыққа қайшы қатысуы, сол сияқты ұлттық алауыздықты қоздыруға бағытталған қасақана іс-әрекеттері, бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, Қазақстанның тұтастығын, оның аумағына қол сұғылмауын және бөлінбеуін бұзуға жария түрде шақыру қылмыстық жазаланатын әрекеттер болып табылатынын (ҚК-нің 172, 174, 180-баптары) ескерткен болатын.