$ 494.87  520.65  4.91

Жемқор шенеунікке әріптестерінің көзінше қатаң үкім шығарылды

Үкім Нұр-Сұлтанда сотталушы жұмыс істеген ұжымның қатысуымен жарияланды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Сот үкімімен сотталушы сегіз жылға бас бостандығынан айрылды.

 «30 наурызда Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының №2 аудандық соты «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ Нұр-Сұлтан қаласы республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының қызметкеріне қатысты үкім шығарды. Ол сегіз жылға бас бостандығынан айрылды» делінген сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарламасында.

Сотталушы Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлік субъектілерінен қоғамдық тамақтандыру саласындағы қаражатты алу фактісі бойынша кінәлі деп танылды. Шенеунік пандемия кезінде бизнесмендерден  әкімшілік жауапкершілікті  алып тастағаны үшін пара алған.

Сот үкімі сотталушының ұжымы мен  Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті қызметкерлерінің қатысуымен бейнебайланыс арқылы жарияланды.

2021 жылдан бастап бұлтартпау шарасы ретінде қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасады деп айыпталған мемлекеттік қызметшілер ұжымының  сот отырыстарына қатысу тәжірибесі енгізілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары