$ 443.85  474.3  4.8

Тоқаевтан сұхбат алған журналист директор болып тағайындалды

Ол Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі.

Жайна Сламбекқызы «Хабар» телеарнасы директор болып тағайындалды. Бүгіннен бастап Жақсылықова Жайна Сламбекқызы “Хабар” арнасының директоры лауазымына тағайындалды. Жайна журналистиканың өз жауынгері. Көрермен қауым оны сараптамалық бағдарламалардың авторы әрі жүргізушісі ретінде жақсы таниды. Әріптесімді жаңа қызметімен шын жүректен құттықтап, сәттілік тілеймін! “Хабардың” дамуына қосар үлесіңіз зор болады деп сенемін!, — деп жазды «Хабар» агенттігі АҚ басқарма төрағасы Берік Уәли өзінің Facebook апрақшасына.

Наурыз айының басында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жайна Сламбекке («Қазақстан» ұлттық арнасына) сұхбат берген.

Жайна Сламбекқызы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі.

Еңбек жолын университет бітірген 1996 жылы жазда «Хабар» агенттігінде тілші болып бастаған.

2014 жылдың ақпанына дейін комментатор, атқарушы продюсер, тележүргізуші, ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының директоры болып жұмыс істеді.

2014 жылдың ақпанынан 2019 жылдың шілдесіне дейін «Астана» телеарнасында «Біздің уақыт» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі болды.

2019 жылдың тамызынан «Qazaqstan» ұлттық арнасының «Apta» бағдарламасының жетекшісі және жүргізушісі болып қызмет атқарды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары