Алматы облысында полицейлер 39 жастағы әйелді зорлап, тонады деген күдіктіні ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
39 жастағы әйел 2 наурызда Жамбыл аудандық полициясына арызданды. Ол өзін сыртта аңдып тұрып, дәретханаға шыққан кезде белгісіз біреудің зорлағанын айтты. Сондай-ақ, қаскөй әйелдің қолындағы қымбат смартфонын тартып алып кеткен.
Жәбірленушінің сипаттауы бойынша қылмыскердің фотороботы әзірленіп, мәліметтер базасын тексеру кезінде жедел уәкілдер қаскөйдің жеке басын анықтады.
33 жастағы ер адам бұрын ұрлық пен тонау айыбы бойынша үш рет сотталған Алакөл ауданының тумасы. Соңғы уақытта Алматы маңында тұрған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің тұрғылықты орнын анықтауға қол жеткіздік. Ол ұсталып, полицияға жеткізілді. Көзбе көз кездестіру кезінде жәбірленуші оны танып, өзіне шабуылдаған сол адам екенін айтты. Ұрланған телефон табылып, иесіне қайтарылды", - дейді Жамбыл аудандық полиция бастығының орынбасары Айдын Жексенбаев
Күдіктіге ҚР Қылмыстық кодекстің 120-бабы, яғни "Зорлау" және 191-бап, "Тонау" бойынша айып тағылды.
Ұсталған азамат қамауға алынды.