$ 448.15  483.46  4.86

Қатар әмірі Қазақстанға келеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Тәнимен телефон арқылы сөйлесті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Тәнимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда.

Әңгіме басында Мемлекет басшылары бірін-бірі қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады.

Көшбасшылар Қазақстан мен Қатар арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын талқылап, оны одан әрі қарай дамытудың қолайлы перспективалары бар екенін атап өтті.

Тараптар өзара сауда-саттықтың оң қарқынын одан әрі сақтауға және инвестициялық жобаларды, соның ішінде банк және қаржы салаларындағы жобаларды жүзеге асыруға ниетті екенін нақтылады.

Қазақстан Президенті Қатардың жетекші бизнес өкілдерін экономиканың басты салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыруға белсене атсалысуға шақырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары