$ 494.87  520.65  4.91

«Ұлттық банк спекуляциямен айналысып отыр» - қаржы сарапшысы

200 миллион доллармен спекуляциямен айналысып, 1 пайыз доллар ойнаса, күніне 2 миллион доллар табыс табады.

Ұлттық банк спекуляциямен айналысуда ма? Доллардың бағасы күніге 10 рет құбылып тұр. Мұнайдың бағасы өседі, рубль тұрақты бізде доллар арзандай салады. Негізінде керісінше болу керек. Ресейде доллар арзандаса, бізде керісінше қымбаттайды. Мұның бәрі бизнеске де, халыққа да кері әсер етеді. Доллардың мың құбылғанын көрген халық спекуляциямен айналысады. Доллар алып сата бастайды.

Ең қорқыныштысы спекуляцияны жоғары жақтың жасауы. 200 миллион доллармен спекуляциямен айналысқан адам болса, 1 пайыз доллар ойнаса 1 күнде 2 миллион доллар табыс табады. Бізге тұрақты теңге керек. Егер де доллар нарыққа қарай құбылатын болса онда керісінше жүрмей шынымен де де нарыққа бейімделсін. Кеше экспортпен жұмыс істейтін бір танысым долларды 473 деп келісім шарт жасаған едік бүгін пәленше миллионға минусқа кеттік деп отыр.

Сәбит Рысбаевтың Facebook парақшасынан

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары