Ресей президенті Владимир Путин ресей әскерін Киев облысынан шығару туралы бұйрық берді. Бұл туралы Кремльдің ресми өкілі Дмитрий Песков мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы бұл келіссөздер жүргізуге қолайлы жағдай жасау үшін қажет болғанын атап өтті.
Сонымен қатар ол ресей билігінің келіссөздер барысында маңызды шешімдер қабылдай алатынын да айтты. Сондықтан Владимир Путин әскерлерге Киевтен шығуға бұйрық берген.