Белгілі блогер Ербол Еділов "кейбір дереккөзге" сүйеніп, екі облыстың әкімі ауысатынын жария етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ербол Еділовтың жазуынша, Жамбыл облысының әкімі болып Бақытжан Сағынтаев тағайындалады. Ол бұған дейін Алматы қаласында әкім болған. Қаңтар оқиғаларынан кейін қызметінен босатылған.
Ал Атырау облысының әкімі болып қазір вице-премьер болып отырған Ералы Тоғжанов барады-мыс. Ералы Тоғжанов үкіметтегі қызметінен бұрын Маңғыстау облысында әкім болған.