$ 494.87  520.65  4.91

Павлодарда дәріхана қызметкерінің кесірінен 3 жасар бала уланып қалды

Дәрі қабылдағаннан кейін бала өзін нашар сезініп, құса бастаған.

Павлодарда фармацевт дәрілерді шатастырып алған. Салдарынан 3 жасар бала антидепрессанттарға уланып қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы. 

ІІМ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 3 жасар баланың анасы дәрігер жазып берген дәрілерді сатып алған. Дәрі қабылдағаннан кейін бала өзін нашар сезініп, құса бастаған. Әйел дереу жедел жәрдем шақырыпты. Балаға “антидепрессанттармен улану” диагнозы қойылған.

Павлодар облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, фармацепт қателесіп басқа дәріні сатқаны анықталды. "Аталған факті бойынша ҚР ҚК 317-бабы (Медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде",- делінген хабарламада.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары