Otyrar.kz Telegram арнасының хабарлауынша, полиция мен Ұлтық қауіпсіздік комитеті қалалық департаменті әуежай қызметімен бірлесіп, арнайы іс-шаралар өткізген.
Әуежай терминалы эвакуацияланды. Тексеру жүргізілді, ақпарат жалған болып шықты, – делінген хабарламада.
Қазір Шымкент әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Еске салайық, 31 наурызда Қазақстанның полициясына әртүрлі қалалардағы нысандарда «жарылғыш зат қойылды» деген ондаған хабарлама келіп түскен. Барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалы басталды.
Алматыда үш банк, екі сауда үйі, әуежай мен оқу орны, Нұр-Сұлтанда екі автосалон мен екі сауда үйі, Қарағандыда көліктерге қызмет көрсету орталығында «жарылғыш зат қойылды» деген хабарламалар болды.