07.04.2022, 16:20

Тоқаевқа қастандық жасамақ болғандардың артында Израильдің «Моссад» барлау қызметі тұрғаны рас па?

Хакерлік топ Қазақстандағы израильдік деструктивті ағымдардың әрекеті туралы эксклюзивті деректі фильм шығаруға уәде беріп отыр.

Ирандық «Free Hands» хакерлер тобы Израиль барлау қызметі Қазақстан Президентіне қастандық жасауға әрекеттенді деген ақпарат жариялады деп жазды turkystan.kz.

Хабарламада Қасым-Жомарт Тоқаевты жоюға әрекеттенген ұйым ретінде Израильдің «Моссад» ұлттық барлау қызметі аталған. Сонымен бірге, бұл хакерлік топ Қазақстандағы израильдік деструктивті ағымдардың әрекеті туралы эксклюзивті деректі фильм шығаруға уәде беріп отыр.

Олар үш апта бұрын «Моссад» басшысы Дэвид Барнеаның жеке деректерін бұзып, көпшілік назарына ұсынған болатын. Олардың ішінде әуе билеттері, жеке куәлік, салық есептері, үй суреттері және Израильдің бас барлау агенттігінің басшысына қатысты басқа да мәліметтер көрсетілген.