Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үш облыстың қызметінен босатылған әкімдеріне алғыс айтты, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы Мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау, Жамбыл, Қызылорда облыстарының әкімдері лауазымында атқарған қызметі үшін Махамбет Досмұхамбетовке, Бердібек Сапарбаевқа, Гүлшара Әбдіқалықоваға алғысын білдірді", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін үш бірдей өңір әкімі өз лауазымынан босатылған болатын.