Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қарындасы Әнипа Назарбаеваның бақылауындағы компания басшысы ұсталды, деп хабарлайды orda.kz
Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті қалалық прокуратурамен бірлесіп Қытайдан халық тұтынатын тауарларды аса ірі көлемде экономикалық контрабандалық жолмен әкелу фактісін анықтады.
ҚР ҚК-нің 234-бабының 2-бөлігінің 1,4,5-тармақтарында көзделген экономикалық контрабанда фактісі бойынша «TDA Companies Group» ЖШС басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары тіркелді.
«Кәсіпорынның барлық операциялық жұмыстарын осы ЖШС директоры жүргізді. Қытайдан заңсыз тасымалданған тауардың жалпы құны 585 миллион теңгеден асады.
Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша бюджетке – 125 млн теңгеден астам қаржы төленуі тиіс. Ағымдағы жылдың 31 наурызында Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты ЖШС директорына қатысты «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді» делінген хабарламада.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етуге жатпайды.
«Kozachkov offside» Telegram-арнасы хабарлағандай, «Group of the Companies TDA» компаниялар тобының директоры ретінде Egov порталында 41 жастағы Әли Қылышпаев тіркелген. Серіктестіктің өзі Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылында тіркелген.
«Ең қызығы Қылышпаевтың серіктесінің аты-жөні болып отыр. Логистикалық қызмет көрсететін компанияның екінші құрылтайшысы – Елбасының әпкесі Әнипа Әбішқызы Назарбаева. Анықталғандай, оған тиесілі компания директоры контрабанда жасады деген күдікке ілінген. Ал соның салдарынан қылмыстық іс қозғалды.
Әли Қылышпаевқа да 216-бап – жалған шот-фактуралар бойынша айып тағылғанын, іс жүзінде оны қолма-қол ақшаға жібергенін айтпады. Міне, ең қызығы – менің деректерім бойынша, біз кейбір ғарыштық сомалар, жүздеген миллиард теңгелер туралы айтып отырмыз. Дегенмен мұндай мәселелерде асығыстың қажеті жоқ. Өйткені қаржылық мониторинг агенттігі көбінесе кәсіпорындардың айналымы мен келтірілген залалды шатастырады. Қылышпаев 21 наурызда ұсталды. Алдымен 10 тәулікке, содан кейін 2 айға қамауға алынды» делінген хабарламада.