18.04.2022, 13:00

Тоқаевтың тапсырмасынан кейін Алматы әкімі орынбасарларын азайта ма?

Фото:gov.kz
Жергілікті биліктің мәліметінше, қазір Алматы қаласы әкімінің бес орынбасары бар.

Алматы әкімдігі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасынан кейін Ерболат Досаевтың орынбасарлары азая ма деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жергілікті биліктің мәліметінше, қазір Алматы қаласы әкімінің бес орынбасары бар. Бұл санды ел үкіметі өткен жылдың 9 желтоқсанында бекіткен болатын.

"Әкімдіктердегі мемлекеттік қызметшілер санын қысқарту мәселесі үкіметтің құзырында. Тиісті өзгерістер енгізгеннен кейін Алматы әкімдігі құрылым мен Алматы қаласы әкімдігінің орынбасарлары арасындағы қадағалауды қайта қарайды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.