18.04.2022, 23:39

Өскемендегі егін алқабы өлекселерге толып қалған

Жұрт полигонға өлген төрт-түлік пен ит-мысықты осында әкеліп тастауды әдетке айналдырған.

Өскемен маңындағы егін алқабы өлексе тастайтын орынға айналды. Тұрғындар алқаптан шыққан жағымсыз иіске шағымдануда, деп хабарлайды КТК телеарасы. 

Жұрт полигонға өлген төрт-түлік пен ит-мысықты осында әкеліп тастауды әдетке айналдырған.

Глубокое ауданындағы полигон тек күл-қоқыс төгуге арналған. Алайда төрт түлік пен ит, мысық өлексесінен бұл маңда аяқ алып жүре алмайсың. Күн жылығанда төңіректі жайлаған сасық иіс қолқаны қабады.

Жауаптылар бұған Өскемен тұрғындарын кінәлап отыр. Өйткені олар шаһарға жақын орналасқан полигонға өлген жануарын түн жамылып әкеліп тастайды дейді.

“Полигон қалаға жақын. Түнде, кешқұрым көлігімен келіп қоқыс тастап кетеді. Қазір техника жібердік. Бәрін тазалап алып жатырмыз”, – деп түсіндірді Тархан ауылы округінің әкімі Марат Садырбаев.